2 ақпан күні «Каспий» футбол клубының жасөспірімдер орталығында «Ашық есік күні» өтеді. Оған 2003-2004 және 2005-2006 жылы туған балалар қатыса алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шеберлік сабағын Каспий жасөспірімдер орталығының бапкерлері мен «Жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының» басшысы Сава Ковачевич өткізеді.
«Каспий» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, шеберлік сабағына 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер сағат 10:00 – 11:00-ге дейін, ал 2005-2006 жылы туғандар 11:30 – 12:30-ға дейін қатысады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА