Мұнайлыда спорт кешені ашылды
[ 2019 ] 18 қазан, 07:00 | Қоғам
Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Кеше Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округінде «Базархан» жекеменшік спорт кешенінің ашылу салтанаты өтіп, оған аудан тұрғындары мен ауданның құрметті азаматтары қатысып, өздерінің игі тілектерін жеткізіп, қуанышқа ортақтасты. Жиынға арнайы қатысқан аудан басшысы Рахат Елтизаров пен ауыл ардагері Мақсұт Найзабай жаңа спорт кешенінің лентасын қиып, кәсіпкерлердің алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі. Нысан иесі жас кәсіпкер Бағлан Райымбековтың айтуынша, спорт кешенінде жекпе-жек, бокс, таэквондо, джиу-джитсу, «Құралай» би студиясы үйірмелері ашылған. Бұл үйірмелерге қатысуға қазіргі таңда көптеген бала тізімде тұр. Спорттық кешен он адамды жұмыспен қамтып отыр.
Өз тілшімізден
2746
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.