Бүгін 22 маусым күні Ақтауда ұзақ қашықтыққа жүгіру жарысы өтті. Оған 100-ге жуық мемлекеттік қызметші, полиция қызметкері, күзет жасағы қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спорттық шара Мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Қатысушылар "Ақбота" саябағы алаңынан "Амфитеатр" алаңына дейінгі қашықтықта жүгірді.
Шара аясында МО полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменттің басшысы Нұргүл Жанназарова сөз сөйлеп, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. 46 жастан жоғары жүгіруден ерлер арасында 1-орынды Жексен Есенов алды. 31-45 жас аралығындағы жүгіруден ерлер арасында Ғанибет Каримов жүлделі орынға иеленді, ал әйелдер арасында Алина Исанова 1-орынды қанжығасына байлады. 18-30 жас аралығындағы жүгіруден Мая Мадамбаева мен Ярослав Подпольный мәреге бірінші жетті. Мәреге жеткен жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды және бағалы сыйлықтар берілді.Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82068,82067,82062,82066,82064,82063,82065,82061"]