Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов дзюдодан Қазақстан чемпионы Бауыржан Нарбаев, Ақниет Тұрдан, Анна Казюлинаны, күміс жүлдегер Руслан Мусаевты, әскерилер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Әмірбек Жеңісовті қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ералы Тоғжанов дзюдошылардың кезекті додаларына сәттілік тілеп, чемпиондардың бапкерлері Айбек Имашев, Манарбек Бисекенов, Сергей Волобуев, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаевқа өзінің ыстық лебізін білдірді. Спортшылар да бір жыл бұрын аймақ басшысымен кездескенін есіне алып, алғысын білдірді.
«Бұл спортшылар Маңғыстау облысының қоржынына медаль салып, мерейімізді үстем етті. Алдағы Азия және Әлем чемпионатында, 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға зор сенім білдіреміз», - деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен дзюдодан ҚР чемпионатында маңғыстаулық спортшылар 3 алтын және 2 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынды олжалаған болатын.
Сонымен қатар Бразилияда дзюдодан әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында 66 келі салмақта маңғыстаулық Әмірбек Жеңісов қола жүлдегер атанды.
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66240,66242,66243"]