©
Ақтауда Халық батыры Шотан Назарұлының жүлдесі үшін дзюдодан республикалық турнир басталды. Осымен 4-рет өткізіліп отырған бәсекеге 2002-2003 жылдар аралығында дүниеге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнирдің ұйымдастырушылары - Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясы мен "Шотан батыр" қоғамдық қоры.
Жарысқа Өзбекстан, Астана, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облысының командаларынан 250 спортшы қатысып жатыр. Маңғыстаудың намысын бұл турнирде 100-ге жуық дзюдошы қорғайтын болады.
"Шотан батыр" қоғамдық қорының директоры Дүйсен Әлібектің айтуынга, турнирдің жүлдегерлері ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Турнирдің финалдық кездесулері бүгін кешкісін Ақтаудағы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде жергілікті уақытпен 16.00-де өтеді.
Айта кетелік, Шотан батыр 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған адайдың белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотан есімі жоңғарларға қарсы соғыста ғана емес, Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтерілісте де аталады.Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен