©
Жаңаөзен қаласында 2018 жылдың көрсеткіші бойынша 29 мыңнан астам адам немесе қала тұрғындарының 20,0 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады.
Сонымен қатар, 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі оқушылар саны 3 мыңға жуық. Спорт мектептеріндегі балалар саны қала оқушыларының 11 пайызын құрайды. 5 арнаулы оқу орындары, колледж студенттерінің 17,5 пайызы спорт секцияларына тартылған.
Қала бойынша 28242 мектеп жасындағы баланың 23 пайызы спортпен шұғылданады.
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 7 аула клубы жұмыс жасайды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялар, үйірмелерде 570-тен астам бала спортпен шұғылданады.
2018 жылы облыстық деңгейде 5, қалалық деңгейде 48 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізіліп, оған 3200-ге жуық адам тартылды. Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 134 спорттық жарыстарға, турнирлерге іс-сапарға жіберілді.
2018 жылы 43 ҚР-ның спорт шеберіне үміткерлер дайындалды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқытушы-жаттықтырушылар саны - 103.
Тұрғындардың күнделікті өміріне дене шынықтыру, спортты енгізу, балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай қарастырып, бұқаралық спорттың дамуына ғана емес, жастар арасында жағымсыз құбылыстардың орын алуы, құқық бұзушылықты азайту мақсатында нақты жұмыстар жүргізілуде. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту мақсатында бөлімге қарасты мекемелерде спорт секциялары ақысыз негізде жүргізіледі, спорт мектептерінде 19 спорт түрлері бойынша 181 топ ұйымдастырылған.
Мүгедектер спортына мән беріліп, мүгедек спортшылардың волейбол, шахмат, дойбы, футболмен шұғылдануына жағдай жасалынған. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Алға» мүгедектер спорт клубы қызмет істейді. 100-ге жуық мүгедек спортшы жүйелі түрде спортпен айналысады.
Жаңаөзен қаласында 29 спорт түрі дамытылуда, оның ішінде 12 спорт түрі олимпиадалық, 17-і – олимиадалық емес спорт түрлері. 69 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды.
Жанайым ЖАРЫЛҚАП