©
- Көңіл-күй тамаша. Туған жерге келгенде құрмет көрсетіп, әуежайдан жерлестерім, жанкүйерлерім күтіп алды. Спортқа жанашыр ағаларымыз спорт мектебіне құттықтап келіп, марапат тапсырып жатыр. Облысқа іс-сапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да спорт мектебіне келіп, бізді жеңістерімізбен құттықтады. Одан кейін өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы арнайы қабылдап, ризашылығын білдірді. Еңбегімізді бағалап, құрмет көрсетңп жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Ен алдымен, Жаратқан иеге, ата-анама, бапкерім Манарбек ағайыма айтар алғысым шексіз. Әр спортшының арманы Азия, Әлем чемпионы атанып, Олимпиада шыңын бағындыру. Ендігі мақсат - Олимпиададан алтынға қол жеткізсем деймін. Сол жолда талмай еңбектенетін боламын.
- Жалпы Әлем чемпионаты қалай өтті? Алтын медальға қол жеткіземін, тұғырдың ең биік сатысынан көрінемін деген нық сенім болды ма?
- Әрине, ондай үлкен дүбірлі додаларға қай спортшы да жеңсем деп келеді. Ол жерде әр елдің мықтылары жиналған. Сербияның Нови-Сад қаласында өткен Әлем чемпионатына 50-ден астам мемлекеттің самбошылары қатысты. Аталмыш жарыста мен 62 салмақта белдестім. Қарсыластарым да осал болған жоқ. Алғашқы белдесуімді нидерландық балуанмен өткізіп, 8:0 есебімен таза жеңіске жеттім. Одан кейін болгариялық балуанды ауырту әдісімен тізе бүктірдім. Ақтық сынға жолдама алу үшін тәжікстандық балуаннан 5:1 есебімен жеңдім. Финалдағы қарсыласым моңғолиялық балуан биылғы ересектер арасындағы Азия чемпионы екен. Бізге берілген 5 минуттың ішінде қарсыласымды 3:1 есебімен ұтып, алтыннан алқа тақтым. Финалға шығарда бапкерім Манарбек ағай мені жігерлендіріп, біраз ақыл-кеңесін айтты. Ағайым «бізде Әлем чемпионатынан күміс те, қола медальда бар, олардың қатарын алтын медальмен толықтыруымыз керек. Сенімді ақта, алтынды уысыңнан шығарып алма, саған сенемін! Бар күш-жігеріңді жұмса, талай жылғы еңбектің өтеуін көрсет» деді. Маған сенім артқан жандардың үмітін ақтау үшін барымды салып күрестім. Нәтижесі де керемет болды!
- Спортқа қалай келдің?
- Мен спортшылар отбасында дүниеге келдім. Әкем Қуанышбек Ізбенов - Шетпеде ауыл жастарын спортқа баулып, бірнеше чемпиондарды шығарған білікті бапкер. Әкеміз 4 ұлын да спортқа жетелеп әкелді. Үйдің үлкені Наурызбек жастайынан спортпен айналысып, бокстан ҚР спорт шеберіне үміткер атанды, бүгінде мектепте бокстан бапкер болып жұмыс жасайды. Менен кейінгі інім Балтабек те спортқа жақын, І-ші санаттағы футболшы. Бүгінде Астана қаласындағы жоғары оқу орнының студенті. Үйдің кенжесі Әділет - бірінші санатты боксшы. Мені 9 жасымнан бастап қамқорлығына алып, дзюдо мен самбо күресінің қыр-сырын Манарбек Бисекенов ағайым үйретті. Сондықтан да жастайымнан спорт залға жетелеп әкелген әкем Қуанышбекке, жарыстарға дайындаған бапкерлерім Манарбек, Берік, Ерлан, Сергей ағайларыма ризашылығымды білдеремін.
Тағы оқыңыздар: Отандық бензин көлемі сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз- Ізіңді қуып, өсіп келе жатқан жеткіншектерге айтарың...
- Салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысыңыздар деймін. Сабақтан тыс уақыттарыңызды компьютердің алдында емес, спорт залдарда өткізіп, рухани шынығыңыздар. Алдарыңызға үлкен мақсат қойып, сол жолда еңбектенетін болсаңыздар, қашан да төккен тердің өтеуі болады.
Сұхбаттасқан Венера МИРЛАН,
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН