Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров ауданның ғана емес, облыс тарихында самбо күресінен тұңғыш әлем чемпионы атанған Рамазан Мамаевты қабылдады. Жас балуанды құттықтап қолын алып, аудан әкімдігі атынан бес жүз мың теңгенің сертификатын табыстады.
- Спорт – ел намысы. Айналайын Рамазан, сен осы жеңісің арқылы бүкіл елдің на- мысын қорғап, абыройымызды асқақтаттың. Елдің болашағы да өзіңдей намысқой, елі үшін қызметке дайын жастардың қолында. Артыңнан ізбасарларың ере берсін, - деген тілегін арнаған аудан әкімі аудан тұрғындарының атынан чемпионның әкесі Қуанышбек Ізбеновке алғыс білдірді.
Тағы оқыңыздар: Қан қысымының көтерілуі – жүрек ауруларының бастауыЕл ағаларының ықыласы мен құрметіне шын риза болған жас батыр өзіне сенім артқан барлық маңғыстаулықтардың сенімінен шығуға тырысатынын жеткізді.
Сондай-ақ жиында аудан әкімі аппаратына қарасты басшылық қызметтегі азаматтар да Рамазанға ат мінгізіп құрмет көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының әкімі жастар мен жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионы Рамазан Мамаев пен жастар арасында дзюдодан өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бауыржан Нарбаевты қабылдаған болатын.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ