Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Бейнеу жасөспірімдер спорт мектебінде мекемелер арасында баскетболдан аудан әкімдігінің «Ел тірегі – Елбасы» кубогы өтті.
Жарыстың мақсаты: Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және салауаттылық пен спортқа бейімдеу және егемендіктің кілтін ұстар жастарды жарқын болашаққа жетелеу – мемлекетіміздің ең басты бағыты.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары Кенжеғали Машырықов ашып берді. Ауданымыздың ардагер спортшысы Фермебай Ережепов өз лебізін білдіріп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлық әр түрлі мекемелерден, білім беру ұйымдарынан құралған алты ұлдар, он қыздар командасы қатысты.
Тартымды да тартысты өткен бұл додада төрешілердің шешімі бойынша жарыс нәтижесінде ұлдар арасындағы командалардан І орынды Бейнеу гуманитарлықэкономикалық колледжінің ұлдар құрамасы иеленсе, ІІ орын Бейнеу мектебінің ұлдар құрамасы, ІІІ орын Құрдастар құрамасынан тұратын ұлдар командасы иеленді.
Қыздар арасында топ жарған командалар арасынан І орынды Күйкен орта мектебінің қыздар құрамасы, ІІ орын Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледждің қыздар құрамасы, ІІІ орынға Абай орта мектебінің қыздар құрамасы ие болды. Жеңімпаз болған командаларға арнайы дипломдар, ақшалай сыйлықтар және кубоктар табыс етілді.
Үміт ҚАЗДАЕВА
Тағы оқыңыздар: Ақтау-Жетібай тас жолында тағы да көлік апаты