©
Орал қаласында қазан айының 20-22 күндері аралығында 2001 жылы туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Хромтау, Тараз қалаларынан және Татарстан Республикасынан жас спортшылар қатысты.
Жарыста Жаңаөзен қаласынан барған 6 жас ауыр атлет бағын сынап, жүлделі орындарға қол жеткізді. Сайыстар қорытындысында 42 келі салмақта күшін байқаған Жаңбыров Ғибрат 2-орын алды. Оның нәтижесі: жұлқа көтеруде – 40 кг, серпе көтеруде - 57 кг, қоссайыс - 97 кг. Сондай-ақ жаңаөзендіктерден 50 келі салмақта Байқуанов Нұрсұлтан (қоссайыс – 92 кг), 62 келіде Ершенбаев Ануар (қоссайыс – 158 кг) 3-орын алса, 85 келі салмақтағы Ислам Айдос жүлделі 2-орын алды.
Тағы оқыңыздар: Бес адам туберкулез болуы мүмкінАймақтық ашық біріншіліктен жүлдемен оралған жасөспірімдерді Тимур Жаңбыров жаттықтырады. Оралдан олжалы оралған спортшылар осы жарысқа қатысуға мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткен №2 БЖСМ директоры Б.Аxметовке алғыс айтады.
Өз хабаршымыз
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40404,40402,40401,40400"]