Елбасымыз мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде айтқан болатын. Оларға қол ұшын беріп, көңіл күйін көтеріп, белсенді тірлікке тартып, өздерін болашағымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезуіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Спорттың басты мақсаты – оқушылардың денсаулығын, белсенділігін, күш-қайратын спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сайыстың ашылу салтанатына Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Д.Атағараев, Қарақия аудандық жастар ресустық орталығының директоры М.Аманиязова және «Жігер мүгедектер спорт клубы» жетекшісі Қ. Тлеуовтер қатысты. Жарысқа ауыл мектеп оқушыларымен және мүмкіндігі шектеулі жастар қатысып, дартс, дойбы, білек сынасу, штанганы жатып көтеру ойындары ұйымдастырылды. Сайыс барысында Д.Атағараев пен М.Аманиязова мүмкіндігі шектеулі жас спортшыларға өмірдің қиындығына мойымай, спорттың түрлі саласында шынығып, атсалысуына сәттілік тіледі.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Балалар бар ынта жігерімен жарысқа белсене қатысты.
Дойбы сайысынан I орынды Д.Төлепбергенова иеленсе, II орынға А.Жақсылық, ал III орынды Ж.Жексенбай сынды оқушылар жеңіп алып, ақыл-ойларының ұшқырлығын танытты. Ал дартс көздеу сайысынан I орынды Б.Бейім, II орынды Р.Жылқайдаров алса, III орынды А.Наурызов ұтыпалып, мергендік қасиеттерін танытты. Және де білек сынасу жарысында I орынды Р.Жылқайдаров, ал II орынды А.Наурызов иеленсе, III орынды Б.Бейім жеңіп алып, қолдарының мықтылығын көрсетті. Ал штангіні жатып көтеру сайысынан I орынды Қ.Тлеуов, II орынды С.Букенов алса, III орынды Қ.Ерсайынов жеңіп алды. Спортшыларға диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Тағы оқыңыздар: Арзан автокөлік әкеліп беремін деген алаяқ алты жылға сотталдыСайыс соңында Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.Аманиязова «денсаулық адамның басты байлығы, және денсаулық пен адам баласы биік белестерден орыналады», - деп салауатты өмір салтына шақырды. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, оларға амандық және балаларының қуанышымен мейірімін көріп, халықтың алғысы мен ықыласына бөленіп жүре беріңіздер, - деп жастар ресурстық орталығының директоры М.Аманиязоваға және спорт мамандарына шексіз алғыстарын білдірді.
Қамқорлық жасау – ізгіліктің, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға шын ықыласымен көмегін аямаған әрбір жанға Алланың берері мол екені анық.
Фариза ХАЙДАРОВА