Астана күніне орай Маңғыстау облысындағы Таушық ауылының тұрғындарына тамаша тарту жасалды. Алғаш рет заман талабына сай спорт кешені ашылды. 2 қабатты нысан қажетті құралдармен жабдықталған. 7 мың шаршы метр аумақты алып жатқан зәулім ғимаратта бір мезгілде 300 адам жаттыға алады. Спорт кешенінің ашылуына әсіресе ауыл балалары қуанып жүр. Көшеде доп теуіп жүрген балғындар енді спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік алды. Құрылысқа 607 млн теңге жұмсалған. Қомақты қаржыны әлеуметтік жауапкершілігін сезінген жергілікті мұнайшылар бөлді. Алдағы уақытта тап осындай спорт кешендері Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр, Сайын, Қызылөзен ауылдарында да салынатын болды.
https://youtu.be/vPJ43TX1opo