• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстауда соны серпін байқалады

    [ 2015 ] 28 қазан, 21:37  |  Спорт

    2014 жылдың наурыз айында Қазақстан күрес федерациясының президенттігіне іскер азамат Сауат Мыңбаев тағайындалған болатын.

    Сол кезден бері спорттың бұл түрін ойдағыдай дамыту мақсатында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда республикамыздың бірқатар өңірлерінде балуандық өнерді өркендетіп, қайта жандандыру жолындағы қауырт жұмыстар қызу жүріп жатыр. Осы орайда ерекше белсенділік танытып отырған аймақтардың бірі – Маңғыстау облысы екенін айта кету абзал.

    Қарт Каспийдің жағалауында ор­на­ласқан бұл өңірден талай саңлақ спорт­шылар шыққанын жанкүйерлер жақсы біледі. Алайда күрес түрлері кере­мет қарқынмен дамыды деп айта алмаймыз. Кезінде Ақтау қаласының тұрғыны Магомед Круглиевтің боз кілемде атой салғаны есімізде. 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатында ол қола медальді қоржынға салды. Азия ойындары мен Азия чемпионаттарында үш реттен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Алайда содан кейінгі жылдары аталмыш өлкеден аса ірі халықаралық жарыстарда оза шабатын белді бір балуанның шықпауы көңілге кірбің ұялатты. Бұл жағдай жер­гілікті жанкүйерлердің сеніміне селкеу түсірді. Былтырғы жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы күрес федерация­сының президенті болып Бақыт Иман­баев тағайындалды. Іскер азамат ырғалып-жырғалып жүруді жөн көрмей, жаңа қызметке бел шеше кірісті. Өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқару үшін тынбай еңбек ете бастады.

    – Қазақ халқы мен күрес өнерін бөле-жара қарауға болмайды, – деп бастады өз әңгімесін Бақыт Алтайұлы. – Екеуі біте қайнасқан. Балуандық өнер қазақтың қанында бар. Бұл қасиет біздің бойымызға ана сүтімен дарыған. Ол – еш дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Кезінде ата-бабаларымыз осындай ұлан-байтақ жер­ді найзаның ұшымен ғана емес, білек­тің күшімен де қорғағаны бар­шаға мәлім. Ұлы майдан кезінде жекпе-жекке шық­қан батырларымыздың ара­сынан жеңі­ліс тапқандары сирек. Ердің ерлігі ғана емес, елдің елдігі сынға түскен кезде, қазақ­тың батырлары балуандық өнердің әдіс-тәсіліне жүгінді. Ал бүгінгі бейбіт өмір­де біз өзіміздің мықтылы­ғымызды спорт­тық аренада мойындатуы­мыз керек. Тектілігіміз де сол жерде таны­лады. Ал қазіргі кезде күрес түрлерін жаңа заман талабына сай етіп дамытып, оның деңгейін биіктету – бүгінгі ұрпақтың, яғни біздің парызымыз. Сондықтан да тарты­натын түгі жоқ. Шашамыз жет­кенше баршамыз бұл іске өзіндік үлес қосуға тиіспіз.

    Қазіргі кезде Маңғыстау облысында жоғарыда айтылған жоспарды жүзеге асыру жолында қауырт жұмыс қызу жүр­гізіліп жатқаны рас. Балалармен жасөспі­рімдердің спорт мектептерінде грек-рим күрестен– 5, еркін күрестен – 3 және әйелдер күресінен 2 үйірмеде балғын балуандардың еш алаңсыз даярланып, шеберліктерін шыңдауы үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Жас жеткіншектерге 30 білікті бапкер бар біл­гендерін үйретуде. Оқу-жаттығу жиын­дарын үздіксіз өткізіп, түрлі жарыстарға қатысуға еш кедергі жоқ. Еңбекақы уақытылы беріледі. Байрақты бәсекелерде жүлде алған бапкерлер мен балуандарды ынталандыру жағы да қарастырылған. Облыс әкімшілігі және күрес федера­циясының көмегімен бұл мәселелердің барлығы да бүгінгі таңда оңды шешімін табуда.

    Үстіміздегі жылдың тамыз айында Ақтау қаласындағы 28 ықшамауданда грек-рим және еркін күрестен спорттық секция өз есігін айқара ашты. Осындай игі шаралар тек облыс орталығында ғана емес басқа да қалалар мен аудандарда жүзеге асырылуда. Жаңаөзен қаласында Дене шынықтыру және сауықтыру орталығы (ФОК) жұмыс істейтін. Ол тәулігіне 300 спортшыны қабылдауға қабілетті. Соңғы кездері Құрық, Бас­құдық, Маңғышлақ, Бейнеу, Шетпе, Атамекен және басқа да ауылдар мен кенттер және стансаларда күрес үйір­мелерінің жұмысы жанданды. Олардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

    Биыл Ақтауда 23 жасқа дейінгі ба­луандар арасында Қазақстан чем­пиона­ты өтті. Осындай ірі спорттық шараның бұл өңірде өтпегеніне талай жылдың жүзі болған еді. Республикамыздың барлық аймақтарынан келген белді балуандар бірнеше күн бойы боз кілемде белдесіп, асқан шеберліктің шынайы үлгісін көр­сетті. Осының барлығын өз көздерімен көрген жергілікті жанкүйерлер бір желпініп қалды. Ал осы жарысқа құрметті қонақ ретінде келген даңқты балуан, Атланта Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Юрий Мельниченко жас жеткіншектерге арнап, шеберлік сыныбын өткізді. Бұл жайттар­дың барлығы да Маңғыстау облысында күрес өнерінің дамуына соны серпін беретіні сөзсіз.

    – Негізі, Маңғыстау облыстық күрес федерациясы 2005 жылы құрылған бола­тын. Алайда басшылар бірінен кейін бірі тез ауысып жатты. Әрине, ондай жағдайда оңды нәтиже шығару қиын. Біздің де жұмысымыз ұзақ уақыт өрге баспады. Ал был­тырғы жылы федерация прези­дент­тігіне Бақыт Иманбаев мырза таға­йын­далғалы бері жағдайымыз оңалды. Ол кісі барлық бапкерлер мен спортшылар қауымының мұң-мұқтажын тыңдап, содан тиісті қорытынды шығарды. Қа­жетті жағдай жасалып, балуандар еш алаңсыз даярлана бастады. Өзінің іскер азамат, күрес өнерінің жанашыры екенін Бақыт Алтайұлы сөз емес, іс жүзінде дәлелдеді. Бір ғана мысал. Бұрындары біздің өңірде күрес үйірмелері тым аз еді. Грек-рим күресі тек Ақтауда, ал еркін күрес Ақтау, Маңғышлақ және Жаңа­өзенде болды. Жаңа басшы келгелі бері ел-елде, жер-жерде үйірмелер бірінен кейін бірі ашыла бастады. Балуандарды дұрыс баптап, оларға бағыт-бағдар беру мақсатында Жамбыл, Оңтүстік Қазақ­стан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызы­лорда облыстарынан білікті бапкерлердің көмегіне жүгіндік. Оларды қарт Каспий жағалауына шақырттық. Спорттық үйірмелер боз кілемдер және басқа да қа­жетті құралдармен жабдықталды. Нәти­же­сінде, Маңғыстау облысында грек-рим, еркін және әйелдер күресіне деген қы­зығушылық күрт артты. Көптеген жеткін­шектер спорттық үйірмелердің табал­дырығынан аттады. Биылғы жылы Ақтау қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, сол жарыста біздің бес бірдей өреніміздің жүлдегерлер санатына қосылуы да біздер үшін үлкен жетістік. Грек-рим күресінен Самат Сауырбаев пен Бақберген Нұрсапа, еркін күрестен Генрих Багдасарян, Елхан Асадов және Мұхамбет Далабаев сынды сайыпқырандарымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, жергілікті спорт сүйер қауымды бір қуантып тастады. Осылайша, іс бірте-бірте өрге басты. Бұл – тек бастамасы ғана. Егер осы бағытымыздан жаңылма­сақ, біздің өңірдің өрендері әлі көптеген биік белестерді бағындырады, – дейді Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры, күрес түрлерінен Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Мұрат Бейсенбаев.

    Кезінде Маңғыстау облысының өкілі Магомед Круглиевтің халықаралық аренада биік белестерді бағындырға­ны жайында жоғарыда айттық. Қазіргі кезде Ақтауда балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде бапкерлік қызмет атқарып жүрген әйгілі спортшының өзін басып өсіп келе жатқан жастар бұл күндері көптеп шыға бастады. Солардың арасынан еркін күрестің хас шебері Есболат Нұржұмбаевты ерекше атап өтуге болады. Жастайынан дара талантымен оқшауланған ол елшілік жарыстарда өз қатарының алды болды. Бірқатар халықаралық додаларда өзін жақсы қырынан көрсетті. Былтыр Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында 86 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұржұмбаев күміс медальді кеудесінде жарқыратты. Есболаттың ендігі арманы – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатына атой салып, байрақты бәсекелерде Қазақ елінің әнұранын шырқату.

    – Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел спортының дамуы мен халықты салауатты өмір салтына ынта­ландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Оны Елбасының халыққа арнаған Жолдаула­ры мен түрлі бағдарламаларынан анық аңғаруға болады. Бұл жағдай бізді де ерекше қуантуда. Егер Мемлекет басшы­сының өзі осы салаға көңіл бөлсе, онда біздер де қол қусырап отырмауымыз керек қой. Менің Маңғыстау облысы күрес феде­рациясының тізгінін ұстаға­ныма аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, бұл іске бірден бел шеше кірісуді жөн көрдім. Сол уақыт аралығында біраз шаруа тын­дырғандай болдық. Бірқатар аудандарда спорттық үйірмелер ашылды, бапкерлер мен спортшылардың әлеу­меттік жағ­дайлары жақсарды. Соның нәтижесінде спорттық табыстарымыз бірте-бірте артып келеді. Бірақ тоқме­йіл­суге әлі ерте. Алда қордаланып тұрған проб­лемалар жетерлік. Солардың бар­лығының түйінін шешу қажет. Ең бірінші кезекте, бұқара­лықты арттыру мәселесіне назар аударған жөн. Ел-елде, жер-жерде күрес үйір­мелерін көптеп ашып, бұл іске білікті бапкерлерді жұмылдыруға тиіспіз.Тек сонда ғана талай бұлақтың көзі ашылып, мұнайлы өлке спорты алға қарыштап қадам басады. Ал біздер үшін басты міндет – Маңғыстау облысының өрен­дерін республикамыздағы көшбасшы командалар қатарына қосып, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алуға күш-жігері, қажыр-қайраты жететін балуандарды тәрбиелеу, – дейді Бақыт Иманбаев мырза.

    Иә, федерация президентінің айтқа­нына алып қосарымыз жоқ. Расында да, кенжелеп қалған спорт түрін жандандыру оңай шаруа емес. Бірақ бір жылдан аса уақыт көлемінде біраз шаруа тынды­рылғанын да мойындауға тиіспіз. Ең бастысы, Маңғыстау облысы күрес феде­рациясының басшылары бұл іске құл­шына кірісті. Бұйыртса, алдағы уақытта оның да жемісін көрерміз. Кезінде Шоқыр Бөлтекұлы мен Әмин Тұяқовтай тұлғалар, бертін келе Ердос Жаңабергенов пен Әділбек Ниязымбетовтей саңлақ спортшылардың томағасы сыпырылған өлкеден келешекте атағы алысқа жа­йылған балуандардың шығатынына қы­лаудай да күмәніміз жоқ.

    Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

    («Айқын»)

    1323
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    спорт маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Таушық ауылында заманауи спорт кешені салынды

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаудың мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубы алғыс айтты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда спорт басқармасы отбасылық үлгідегі балалар ауылын жаңа жылмен құттықтады

      [ 2023 ] 4 қаңтар, 17:54
      2337

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4184

      Жылдың үздік спортшысын анықтау үшін дауыс беру басталды

      [ 2019 ] 15 қараша, 06:20
      3320

      Маңғыстаулық спортшы Азиада алтынын алды

      [ 2018 ] 25 тамыз, 11:59
      2055

      Кореядағы қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды

      [ 2017 ] 1 қараша, 05:36
      1865

      С.Әбдіналиев: Бұл - Қазақстанға чемпиондарды сыйлаған сайыс (ФОТО)

      [ 2017 ] 4 қазан, 09:22
      2917

      Рубрикалар

        ӘдебиетЖарнамаРухани жаңғыруСұхбатДенсаулықМәселеСараптамаАуыл өмірі

      Автордың басқа да жазбалары

      Сабаққа бармаған баласы үшін әкесі айыппұл төледі

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:03
      1926

      Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесін беруде

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:02
      1543

      Өңірдегі баға тұрақтылығына шағын және орта бизнес үлкен рөл атқарып отыр - А. Айдарбаев

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:40
      1409

      Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 16 млрд теңге бөлінеді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:31
      1440

      Маңғыстау облысында қолжетімді бағада асфальтбетон мен битумды эмульсия өндіріле бастады

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:15
      1910

      Транскаспийлік маршруттың алғашқы контейнерлік пойызы Ақтауға жүрер алдында Баку теңізі портына келді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 17:26
      1532

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»