• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Жазғы еңбек жасағы абаттандыруға атсалысты

    [ 2015 ] 2 қыркүйек, 20:24  |  Мәдениет

    ©

    Бүкілхалықтық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы құрылған он жыл ішінде еліміздің экологиялық ахуалын тұрақтандыру мен жақсарту мақсаты көзделіп келеді. Қазақ-станның барлық өңірлерінде жаз айларында, яғни жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерінің демалыс уақытында ұйымдастырылатын бағдарлама Жаңаөзен қаласында өз жұмысын 10 маусымда 100 бала қабылданған алғашқы топпен бастады. Бір ай уақыт көлемінде бірінші топ еңбек жасақтары қаланың ЖПИК мекемелеріне бөлініп, шілде айының 10 күніне дейін аталмыш тазалық мекемелерінің қарамағында көшеттер отырғызу, аула сыпыру, тал суару, қоқыстардан тазарту секілді қоғамдық жұмыстарды атқарды. Жазғы еңбек бағдар-ламасының 2-ші кезеңіне 150 жеткіншек қабылданып, «Тазалық» цехтарына бөлінген бұл топ шілде айының 13-нен тамыз айының 13- ы күнге дейін жұмыс жасады.

    Жазғы уақытты тиімді өткізу мен балалар-дың еңбек етіп шыңдалуына, қосымша табыс және көптеген достар табуына мүмкіндік беретін бағдарламаға 2015 жылға «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» КММ бюджетінен 3 млн 750 мың теңге қарастырылған. Аталған қаржыға сәйкес 200 жасқа 3 млн. 750 мың теңге осының ішінде  зейнетақы қорына 375000 теңге, 294600 теңге әлеуметтік салыққа, 200 жасқа бөлінген қаражат 3080400 теңге, әр жасқа қолына алатын соммасы 15402 теңге құрайды. Сонымен қатар, республикабойынша бюджеттен 150 балаға 2 млн. 250 мың теңге бөлініп, әр балаға шаққанда 15700 теңгеден сәйкес келді. Дәлірек айтқан-да, сегіз сағаттық қоғамдық жұмыс атқарған жасқа 31102 теңге, төрт сағаттық жұмыс уақытын жасаған 150 балаға тек республика бюджетінен 15700 теңге төленеді.

    Биылғы «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек жасақтары аталған екі кезеңде қала-мыздағы «Самал», «Шұғыла», «Шаңырақ», «Өркен», «Көктем» шағынаудандарының көркейту жұмыстарын, сонымен қатар Теңге, Рахат ауылдарының экологиялық жағдайын да назардан тыс қалдырмады. 16-29 жас ара-лығындағы жастар аптаның бес күні қала-мыздың көрікті орындарын көгалдандыру мен тазалық істерін жүргізді. Ағашқа су құю, талдың түбін қопсыту, арам шөптерді жұлу, қаланы күл-қоқыстан тазарту тектес жұмыстарды атқарды.

    Бағдарламаның басты мақсаты бойынша балаларды жұмыспен ғана қамтып қоймай, жаздың екі айын көңілді өткізу мәселесі де қаралды. Әр аптаның жұмыс күндері достық кездесулер, жастар тақырыбында семинарлар, демалыс күндері балалардың арасында түрлі бағыттағы ойындар ұйымдастырылып отырды.

    Белсенді еңбек жасақтарына арналған алғашқы танымдық саяхат қаламызда орналасқан «Үстірт мемлекеттік қорығы» музейінде өткізілді. Бір топ балаға киелі Маңғыстаудың жерінде орналасқан Үстірт өлкесінің сирек кездесетін жануарлары, өсімдіктері таныстырылды. Оған қоса, му-зейдің бір бөлігіне қойылған қазақтың ұлттық бұйымдары мен ата-бабаларымыз қолданған құрал-саймандары, қару-жарақтары туралы да мәлімет берілді. Табиғатты қорғау, жойы-лып кету қаупі бар, әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемі танысты-рылған саяхат жастардың көңілінен шықты.

    «Жасыл ел» еңбек жасақтары келесі сая-хатты қалалық Ардагерлер үйіне жасады. Саяхаттап барған бір топ жас қоқыстанып жатырған ғимарат айналасын көріп, бірден тазарту жұмыстарына кірісіп кетті. Шағын бақшадағы сынған ағаш пен тастарды шыға-рып, шашылып жатқан темір-терсектерді жи-нақтады. Жастардың келіп, көмек көрсеткеніне риза болған ардагерлеріміз балаларға  батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

    «Жасыл ел» еңбек жасағының тағы бір топ жасы Ұлы Отан соғысының ардагері Ыбырай Бекпанов атаның үйінде болды. Олар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Астанадағы 9 Мамыр Ұлы Жеңістің 70 жыл-дығына жасалған шеруге қатысқан ардагер-мен сұхбаттасып, сұм соғыс жылдары бастан кешірген оқиғаларына куә болды. Соғыс ардагері риза болған ұрпағына ақ батасын берді.

    Кешкі самал жел өтінде ұйымдастырылған кезекті көңілді кеш «Guitarа Party» деп аталды. Жастар орталығы жанынан құрылған «UniMuz» гитара клубы «Мұнайшы» МҮ жа-нындағы Дулығаға жиналып, бұрын соңды болмаған гитарадан жарыс өткізді. Шараны тамашалауға келген «Жасыл ел» жасактары қызу тартыста ән айтып, кешті думанға айналдырып жіберді.

    Әдемі думанды кештен соң келесі іс-шара аяқдоп шеберлеріне арналды.  «Бірлік қайда бар – ынтымақ та сонда» атты шағын футболдан өткен жарыста Батыр Тулкібаев «Үздік шабуылшы» атанды. Тартысты, әрі қызықты өткен футбол ойынынан соң жастардың өтініштерімен әр аптада спорттық ойындар ұйымдастырылып  отырды.  Үздік танылған ойыншылар облыстық «Жасыл ел» жасақтары арасындағы футболдан жарысқа қатысты.

    «Жасыл ел» еңбек жасақтарының тағы бір ат салысқан қайырымдылық шарасы Жастар орталығы және №2 Қалалық емхана, «Integral-sk» қоғамдық бірлестігімен   өткізілген «Денсаулығыңды тексер» акциясына белсенділік танытуы. Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен шарада еңбек жасақтары тегін қан қысымы мен қант диа-бетін тексертіп өз денсаулықтарына қатысты кеңес алды. Сонымен қатар, жастар акция аясында  «Integral-sk» қоғамдық бірлестігінің мамандары  жасаған бірнеше тәжірибеге куә болды. Мысалы, бір шыны аяққа жұмыртқаның ақуызын салып, оның үстіне спиртті құйғанда жұмыртқа іріп кетеді, яғни алкогольдің адам ағзасына да дәл осылай әсер ететіндігіне көз жеткізді.

    Зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстау тақырыбы насихатталған, дәлірек айтсақ,  «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай өткізілген «Есірткісіз болашақ» атты дөңгелек үстелге қатысты. Бұл шарада бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған есірткі атаулының зияны баяндалып, мамандардың кеңестерін тыңдады. Жастарға зиянды әдеттерді көрсету мақсатында бірнеше арнайы дайындалған видео ролик көрсетілді. Жаңаөзен қалалық №1 емхана нарколог маманы Әлия Аманова жастарға бүгінгі таңда белең алған нашақорлықтың алдын алу мен бір рет қолданып көргеннен кейін оған психикалық тәуелділіктің болатындығын, денсаулықтың қадірін білу керек екендігін түсіндірді. Бұл дөңгелек үстелде нашақорлықтың зияны ғана айтылып қоймай, Жастар орталығы басшысы Жадыра Айболатқызы адам ағзасына шылымның, алкогольды, газды сусындардың, қуырылған, тұздалған тағамдардың зияны жайында да мәлімет айтып өтті. Дөңгелек үстелдің соңында жастар «Біз есірткісіз болашақты қолдаймыз!!!» деп ұрандатып, қарсылықтарын шағын флешмобпен білдірді.

    Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» және құрылыс жасақтары жастардың жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізетін бірден-бір ұйым болып табылатындығын айтқан болатын. Сондай-ақ, бағдарлама тек табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуға бағытталады делінген. Аталған міндеттерді іске асыруда «Жасыл ел» еңбек жасақта-рымен жоспардағы бірнеше іс-шаралар атқарылды, еңбек уақытынан бөлек таным-дық, қайырымдылық шараларға белсене қатысты, думанды кештерде көңілдерін көтеріп отырды.

    Ұлмекен Ақбергенова, 

    Жаңаөзен «Жасыл ел» жазғы еңбек жасағының жетекшісі.

    Сурет сайттың архивінен

    1782
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет жастар беті маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Луиза - Гран-при иегері

    Келесі жаңалық

    Халық қадірлеген Пір Бекет

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Nauryz fest – 2021»: Ақтауда жас ақындар айтысы өтті

      [ 2021 ] 17 наурыз, 16:47
      3440

      Жастар театры «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымын сахналады

      [ 2021 ] 17 наурыз, 10:31
      2710

      Ақтауда әдеби кездесу өтті

      [ 2020 ] 24 ақпан, 10:03
      4001

      Облыстық Жайдарман ойындары өз мәресіне жетті

      [ 2019 ] 12 қараша, 12:13
      1823

      Әзіл алаңында жаңаөзендік "Жалын" топ жарды (ФОТО)

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 08:00
      2208

      Ақтауда сегіз жүз адам құпия оқырманына кітап сыйлады

      [ 2019 ] 25 сәуір, 04:22
      1789

      Рубрикалар

        ҚоғамЖарнамаБайланыс мәліметтеріАуыл өміріМәселеҚарақияАудан тынысыМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Сабаққа бармаған баласы үшін әкесі айыппұл төледі

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:03
      1894

      Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесін беруде

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:02
      1526

      Өңірдегі баға тұрақтылығына шағын және орта бизнес үлкен рөл атқарып отыр - А. Айдарбаев

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:40
      1394

      Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 16 млрд теңге бөлінеді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:31
      1416

      Маңғыстау облысында қолжетімді бағада асфальтбетон мен битумды эмульсия өндіріле бастады

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:15
      1877

      Транскаспийлік маршруттың алғашқы контейнерлік пойызы Ақтауға жүрер алдында Баку теңізі портына келді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 17:26
      1512

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»