©
Өткен аптада аудандық жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Тыныштық – тілегіміз, тұрақтылық - тірегіміз» атты I жастар фестивалі басталды. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан маңызды шараның тұсауы Баянды ауылында қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетумен кесіліп, басқа ауылдарда өзге ұлттардың ұлттың құндылықтарын дәріптеуге жалғасты.
[caption id="attachment_1906" align="alignleft" width="461"] Бірлігіміз жарасқан[/caption]Фестивальдің екінші күні Қызылтөбе ауылы орыс халқының мәдениетін, сөз және сахна өнерлерін көпшілікке паш етсе, Маңғыстау ауылындағы фестивальге қатысушылар көрші өзбек еліне саяхаттағандай болды. Атамекен ауылы бауырлас қазақ халқының тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған түріктердің, дәулеттіктер ғылым-білімге жақынкәріс ұлтының, басқұдықтар қазақтармен ертеден «егін аралас, қойы қоралас» қатынасқан түрікмендердің, Батыр ауылы татар ұлтына тән салт-жоралғылар мен болмысты бейнелеп, достас халықтардың ырысты ынтымағын жұртышылыққа жария етті.Фестивальға қатысқан әр ауыл өзінше дайындалған. Бірі өздерін таныстырып, ұлттыңқолөнер бұйымдарын, ас-тағамдарынан көрмеге қойса, енді бірі- салт-жоралғыларын орындап, биін биледі, сол тілде сөйлеп, әнін шырқады.
[caption id="attachment_1894" align="alignright" width="370"] Бір шаңырақ астында[/caption]− Аудандағы ауылдар өздеріне түскен ұлттардың ұлттық мәдениеті, дәстүрі мен өмір салтын жан-жақты ашуға барын салуда. Мектептердегі жастар комитеті, ауыл әкімдігіндегі жастар саясатына жауапты мамандардың іскерлігінің, 7-ден 50 жасқа дейінгі ауыл тұрғындарының атсалысуының арқасында фестиваль өз деңгейінде өтуде. Галаконцертпен аяқталып, белсене қатысқандар9 аталым бойынша аудан әкімі атынан марапатталатын болады,-дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Себепбаева.
[caption id="attachment_1895" align="alignleft" width="300"] Өзбектердегі қызға құда түсу көрінісі[/caption]Фестивалге Маңғыстау облысыҚазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныңөкілі Айгерім Есенқуатова және хатшылықтың қолдауымен түрлі этно-мәдени бірлестіктердіңмүшелері, аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Есенбай Құли, жастар орталығы директоры Гүлмира Себепбаева қатысты. Енді оларүздік өнер көрсеткендерді анықтап, қорытынды концерттетүрлі аталым бойынша марапатқа ұсынатын болады.
[caption id="attachment_1896" align="alignright" width="300"] Қатысушыларды қызықтырған көрме[/caption]−Жастардың бастамасымен жасалып жатқан мұндай іс-шарада бірінші рет болуым. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылыпты. Өзімді өзбек ауылына түскендей сезімде отырмын.Қазір облыста 21 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Оның ішінде өзбек бірлестігі де бар. Бірақ өкінішке орай, олар Астанадағы Президенттің қатысуымен болатын сессияға кеткендіктен осында келе алмады,-дейді Маңғыстау ауылындағы фестивалдеМаңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Айгерім Есенқуатова.
[caption id="attachment_1900" align="alignleft" width="300"] Ұлттық киімдерді таныстыру[/caption]Ал өзінің кішкентай шәкірттері – орыс қызы Алина Чагина мен татар қызы Аймира Мұхаммедшинаны өзбек биі «Ләзгіге»мұң бұрала билеуге дайындап, қасында сүйемелдей жүрген №1 мектептің мұғалімі Қама Есбергенованың айтуынша,оларды мұндай шараларға қатыстыру ұлттар арасындағы ынтымақ кірпішін бала кезден қалауға көп септік етпек. «Ендігі болашағымыз осы бүлдіршіндердің қолында десек, осы бастан оларға бірлігі бекем елдің озып, бірлігі жоқ елдің тозатынынұқтыра беруіге тиіспіз»,-дейді ол.