©
Мемлекет басшысының 2019 жылдың 21 қаңтарында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енді. Заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілді. Бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және т. б.. Сот орындаушысының қаулыларына санкция беру мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерде соттың бірінші сатысында сот орындашысының борышкердің мүлігіне тыйым салу туралы қаулысына санкция беру алынып тасталды, екіншісінде – қолданыстағы заңнама бойынша сот орындаушысының қаулысына санкция беруді тек сот жүзеге асырған болса, енді сот немесе прокурор санкция береді. Материалдарды қарау мерзімі 1 күннен 3 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Сот тек сот орындаушысының екі қаулысын – борышкердің шығуын шектеу және борышкерді әкелуге санкция береді, қалған қаулыларға прокурор бере алады. Атап айтқанда, сот орындаушыларының әрекетіне берілген 18 санкцияның ішінен сотта екеуі ғана қалады, яғни күштеп әкелу және елден тыс шығуға тыйым салу. Борышкердің мүлкіне тыйым салу алынып тасталды, ал банкттік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпия құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның өкілеттілігіне берілді. Жаңадан енгізілген толықтырулар заңның жалпы атқарушылық құжаттардың жедел әрі сапалы орындалуына, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өткім келеді.Жеке сот орындаушы А.Тұрсынбаев