Мемлекет басшысының 2019 жылдың 21 қаңтарында меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңнамаға қол қойғаны баршамызға мәлім. Ол 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енді. Заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілді. Бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және т. б. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының нотариустарына кейбір азаматтық істерді жүргізу және сот бұйрықтық өндірісінің бірқатары берілді. Яғни, жалақы өндіру, коммуналдық қарыз төлемдерді өндіру және міндеттемелер бойынша дау туғызбайтын істер нотариусқа берілді. Менің пікірімше, нотариустың атқарушылық жазбасы қарыздарды өндіріп алу рәсімін жеңілдетіп қана қоймайды, адамдарды артық шығындардан, әуреден құтқарады әрі соттардың жүктемесін азайтады. Сондықтан аталған жаңашылықтар бойынша жұмыс жасауға дайынмын және дау туғызбайтын талаптарды нотариусқа беруді жөн деп санаймын.
Жеке нотариус А.Акерова