©
ГМ-172/10 мекеме қызметкерлерінің қамаудағы арнайы контингенттер және олардың туыстарымен қызметтен тыс байланысқа түсуінің алдын-алу қажет.Мекеменің қызметкерлері (атестатталған, атестатталмаған, еркін жалдамалы құрам), мен бақылаушыларының, мекемедегі арнайы контингенттермен және олардың туыстары мен таныстарымен, сондай-ақ достарымен өзінің қызметтік міндетіне жатпайтын қандайда бір қызметтен тыс байланысқа түсуі, яғни сотталғандар мен тергеу қамауындағыларға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды мекемеге сотталғандарға әкеліп беру, өзінің қызметін пайдаланып сотталғандар мен тергеу қамауындағыларға қандай да бір заңға қайшы қолайлы жағдай жасау, артықшылықтар беру және т.б.с.с қызметтен байланыс болып табылады. Мекеменің қызметкерлерінің жоғарыдағы көрсетілген санаттағы тұлғалармен қызметтен тыс байланысқа түспеуін қадағалау, жол бермеу, алдын-алу, болдырмау жедел бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ әрдайым бұл бағытта нақты алдын алу жұмыстары жүргізіледі және жұмыс нәтижелері облыстық прокуратура, ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқарманың, ҰҚКД-нің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті құзырлы өкілдерімен қатаң бақылауға алынуына байланысты. Мекемеде ағымдағы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша мекеменің қызметкерлері мен бақылаушыларының, мекемедегі арнайы контингенттермен және олардың туыстары мен таныстарымен сондай-ақ достарымен қызметтен тыс байланысқа түсу фактілері орын алған жоқ.
А. ОСПАНОВ жедел бөлім бастығы әділет майоры