Судьялар сұрағыңызға жауап береді
[ 2018 ] 27 сәуір, 11:52 | Құқық
Ақтау қаласы мен Маңғышлақ селосының арасындағы жол бағытымен сағатына 80 км/сағ жылдамдықпен жүргенім үшін жол полицейі әкімшілік хаттама толтырып, 24050 теңге көлемінде айыппұл жазып берді. Әкімшілік айыппұл көлемі дұрыс па?
Ұлжан Елешова, Ақтау қаласының тұрғыны
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру.
Ескерту. 592-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 28.12.2017 Заңымен өзгертілген.
Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыру – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклі сахналанбақ
Мен жолдасыммен отасып, бір шаңырақта тұрғанымызға 9 жыл болды. Осы уақытта арада бала болмады. Енді ке ліншегіммен арадағы некені бұзбай, заңды түрде некелі бала болу үшін екінші әйел алып, некемді қидыруға бола ма?
Аноним, қала тұрғыны
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 11-бабы. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар:
Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
- бір жынысты адамдардың;
- олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;
- жақын туыстардың;
- бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;
- соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
1177
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.