©
Бүгінгі күні мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар және сыбайлас жемқорлық үшін әлеуметті мүмкіндіктері бар тәуекелдер туралы мәселе бюджеттік қаражатты басқарудың басқа салаларымен салыстырғанда өзекті болып қала береді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық проблемасының өзектілігі және оған қарсы күрес қажеттілігі сөзсіз.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдігіне, сондай-ақ сайланған жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлік басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізуге тиісті.
Сыбайлас жемқорлық – пара алушының мүддесінде белгілі бір әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жауап ретінде жекелеген материалдық немесе материалдық жеңілдіктер алуға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне қатысты.
Сыйлық беру немесе сыйлық алу парақорлық ретінде сыбайлас жемқорлық туғызатын қылмысқа жатады. Қылмыс анықталған жағдайда екі тарап тең әділ сотқа тартылады. Егер мынадай үш шарттың бәрі ұштасса қылмыстық жауаптылықтан аулақ болуға болады (бірақ тәртіптік немесе әкімшілік жаза тағайындау арқылы): сыйлық алу бірінші рет болған жағдайда алдын ала келісім болмаса және берілген сыйлықтың құны 2 АЕК-тен аспаса.
Тікелей сыйлық беру бойынша да құқық бұзушылықтар заңмен қарастырылады. Заңсыз материалдық сыйақы ұсыну дегеніміз – сыбайлас әкімшілік құқық бұзушылық санкциялары сыйлық беруші мен алушыға қолданылатын шара. Бұл жағдайда сыйлықтың құны маңызды емес.
Сонымен қатар сыйлықты беру заңсыз сыйақы алу сияқты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Бұл құқық бұзушылық бойынша жауапкершілік сыйақы алатын адамдарға ғана қолданылады, егер олардың қызметі мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқару функцияларын орындаумен байланысты емес жеке сектор өкілдері болмаса. Сыйлықтың құны 5 АЕК-тен аспаған жағдайда және алдын ала келісімнің жиынтығы болмауы қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіз болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы N416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша 50-бабының 1-тармағының 10 және 17-тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қызметті насихаттайтын тәртіптік бұзушылықтар бойынша мемлекеттік қызметшілердің мынадай актілері танылады:
– аталған тұлғалардың ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;
– өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.
Осылайша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы N 416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша 50-бабының 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес заң бойынша және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормалармен сәйкес сыйлықтар алуға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.
Бүгінгі күні арнайы мемлекеттік қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті болып табылады. Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.
Осылайша Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің арнайы қорына мемлекеттік меншікке 2017 жыл мен 2018 жылдың 2-жартыжылдығы аралығында Маңғыстау облысы бойынша 6 мемлекеттік мекемеден сыйлықтарды сатып алудан бастарту туралы 12 ақпарат келіп түсті.
Сол себепті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану» қағидасына сәйкес және атап өткен мекеме қызметкерлері осы бұйрық талаптарына сәйкес өздеріне берілген сыйлықтарды қайта сатып алудан бас тартқандығына байланысты жалпы негізде, Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментке тапсырылған сыйлықтарды үшінші тарапқа сату www.gosreestr.kz электронды порталы арқылы жүзеге асырылады және мүлікті сатудан түскен түсімдер республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
Динара СЕИСЕНБАЕВА Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы