©
«Маңғыстауда 2018 жылдың 7 айында балалардың қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 кәмелетке толмаған бала көз жұмып, 26 бала әр түрлі дене жарақатын алған. Былтырмен салыстырғанда жол апаты 42,9 %-ға азайған. Былтыр 42 баланың қатысуымен жол апаты болып, 4 бала дүние салған. Ал 41 бала жарақат алған», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ жол қозғалысын ұйымдастыруды қадағалау бөлімшесінің бастығы Қ.Айғарақов.
Кеше Маңғыстау облысы ІІД-нде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы талқыланған дөңгелек үстел өтті. Оған білім саласының және ҮЕҰ өкілдері де қатысты.
«Жасөспірім» іс-шарасы кезінде жасөспірімдердің түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 132 бабымен 4 әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар жасөспірімдерге темекі сатқаны үшін 5ш/а «Рима», 2ш/а «Ирин», 8 ш/а «Ердаулет», 28 ш/а «Балжан, 6 ш/а «Алекс», 11 ш/а «Рахмет» сияқты дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ аға инспекторы К. Кылишаеваның айтуынша, жыл басынан бері жасөспірімдердің түнгі уақытта жалғыз қыдырғаны үшін ата-аналарға 2445 хаттама және ойын-сауық орындарда жүргені үшін 47 хаттама толтырылған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен