©
Сұрақ. Заңды түрде некемізді қиып, бір шаңырақтың астында тұрып жатқанымызға 5 жылға жуықтады. Алайда арамызда ортақ баланың жоқтығына байланысты ажырасқым келеді. Бірақ күйеуім келісім бермей отыр. Сот арқылы күйеуімнің келісімінсіз ажыраса аламын ба?
Жауап. Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 20-бабында былай делінген: Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлізайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлізайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талапарызы бойынша осы кодекстің 22-бабы, 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.
Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлізайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.
***
Сұрақ. Жолдасым екеуміз ортақ келісіммен бала асырап алу туралы ойлап жүргенімізге көп болды. Егер баланы асырап алған жағдайда, ол баланың қауіпсіздігі үшін туған күні мен жылын, туған жерін өзгертіп жаздыруға бола ма?
Жауап. Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 98-бабында былай көрсетілген.
Асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы мен туған жерінің өзгертілуі:
Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.
Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі.