©
Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, алдағы уақытта орындалар мақсат ретінде белгілеп берген болатын. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған, оларды қорыту нәтижесінде анықталған «Жеті түйіннің» негізінде бүгінде қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Солардың бастысы – мінсіз судья. Халық сенімі мен құрметіне ие болуда сала судья жұмысына тікелей тәуелді. Яғни, сот жүйесінің беделі судьялардың әділтөрелігімен өлшенеді. Мұны ескерсек, тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру қашан да өзекті. Бұл тұрғыда Ұлт жоспарының 17 19 қадамдарын, яғни судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін, Сот төрелігі академиясы, судьялардың есептілігі мен жауапкершілігі институтын одан әрі жетілдіру шаралары жанжақты саралануда. Ал, әдіс процесс аясында соттың әділдігі мен обьективтілігіне қоғамның қанағаттанбау себебін анықтау, сол арқылы халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизммін дайындау жоспарланған. Мысалы, істерді уақытылы қарау, сот процесі қатысушыларының шынайы тең құқықтарын қамтамасыз ету,т.б оң шаралар арқылы бірізді әділ сот тәжірибесін қалыптастыру көзделуде. Үшінші басымдық үлілі сот деп аталады. Оның басты мақсаты 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру. Бұлар жұмысты оңтайлы ұйымдастыру, сервистер сапасы, сот персоналы, материалдық – техникалық қамсыздандыру, жүктеме, ресурстарды тиімді пайдалумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесін де заманауи ақпараттық технологиялар белсенді қолданылып жатқанымен, әлі жоғары деңгейде емес.Е-СОТ шеңберіндегі халық пен сот қызметкерлерінің ІТ-қыщметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылмақ. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер жасалады.Нәтижесінде судьялар жұмысы жеңілдеп, сотқа жүгінушілер әуесарсаңы азаймақ. «Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарым-қатынасты орнатуға арналған.Сот актілерінің түсінікті жазылуы мен олардың орындалуы өзектілігін жоймайтын мәселе. Осы мәселелерде сапалы нәтижеге жету қоғамның сотқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің бір парасы.Сондықтан, қабылданған сот шешімнің уәждері түсінікті және анық болуы тиіс. «Сот жүйесіндег жеті түйіні» жобасымен ел соттарының ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, адвакаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушылар біріге көмек көрсетеді. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін жүзеге асуда.Сотқа жүгінушілер құқығын қорғауда судьямен қатар, әрбір сот маманы да өз міндетін мүлтіксіз орындауы тиіс.Ақтау қаласының №2 сотының жетекші маманы Айжанқыз Дінасылқызы Батырова