Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы Г.Е.Матжанова ҰҚК ШҚ 2201»а» әскери бөлімінде әскери қызметшілермен заңгерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » атты тақырыпта семинар өткізді.
Семинар барысында бас маман Г.Матжанова баршамызға белгілі Қазақастан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы 02 шілде 1998 жылы қабылданып, қолданысқа енгізілгенін, аталған Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу жəне ашу, олардың зардаптарын жою жəне кiнəлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды жəне басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн жəне соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тəртiптiк, əкiмшiлiк жəне қылмыстық жауапкершiлiкке əкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын əрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады.
Әрине сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайда, заң талабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын естен шығармау керек. Олар басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету, кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету, жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету, осы сияқты заңсыз әрекеттер болып табылады.
Сонымен қатар, Ақтау гарнизоны әскери сот төрағасымен бекітілген әр жартыжылдық жоспарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмыс жоспары бекітіліп, осы жоспарға сәйкес іс шаралар жүзеге асырылуда.
Бұдан басқа, сотта сенім телефоны және шағым арыздарға арналған жәшік ашылған.
Сондықтан, Мәңгілік Ел болуымыз үшін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырамын»-деп сөзін қорытындылады.
Ж.Мұратқанұлы
ҰҚК ШҚ 2201»а» әскери бөлімінің заңгері