Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты басымдықтардың біріне айналып отыр. Елбасы «Нұр-Отан» партиясының жемқорлықпен күреске арналған форумында «Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды. Жемқорлықпен күрес науқанды шара емес. Ол тек мемлекеттің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз қажет», - деген болатын. Қоғамымыз үшін қатерлі дертке айналған жемқорлықпен күреске мемлекеттік деңгейде үлкен маңыз беріліп, биліктің бар тармағы жұдырықтай жұмылып күрес жүргізуде. Атқарушы, заң шығарушы, сот органдары – бәрі де хал-қадерлерінше қоғамымызға қатер төндіріп отырған бұл кесапатты ауыздықтауға өз үлестерін қосуда.
Бұл қоғамымызға дендеп еніп бара жатқан жегі құрт секілді, сол себепті мұнымен күресуді қоғам болып қолға алғанымыз жөн. Елбасы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты тапсырмалар беріп келеді. Биылғы Жолдауында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп туындап отырған сыбайлас жемқорлық мәселесіне үлкен мән бере отырып «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады.
«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру жіне іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағаз бастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс»-деп атап айтты.
Қоғамымыздағы жемқорлықтың бір тамыры осы қажетсіз артық істерде, мемлекеттік мекемелердегі бюрократиялық қағаз бастылықта жатыр. Өйткені тапсырылатын құжаттардың көптігі, бітпейтін кезек, азаматтарымызды жемқорлыққа, мәселесін төте жолмен шешуге итермелейді. Мемлекеттік қызмет барынша ашық таза жүргізілгенде ғана жамқорлықтың жолы кесіледі.
Біздің сотта жемқорлыққа жол бермеу, соттардың сот әдебі этикасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ғимаратқа кіреберісте судьялардың және сот қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты шағымдарға арналған арнайы жәшік бар. Судьялар мен сот қызметкерлеріне тараптармен процессуалдық емес кездесулерге тыйым салынған. Істердің қаралуы тек қана сот мәжілісі залында жүргізіледі. Әкімшілік соты төрағасы аптаның әр сәрсенбіде азаматтарды қабылдайды. Бұған қосы ҚР Жоғарғы Соты мен облыстық соттың басшыларының азаматтарды қабылдау кестелері де фойеде ілінген. Қазіргі кезде республикамыздың барлық соттарында іс өндірісі БААТЖ арқылы электронды түрде жүргізіледі. Бекітілген арнайы кестеге сейкес сотта «Ашық есік» күндері өткізіледі. Сотқа келіп түскен іс немесе талап арыз компьютермен автоматты түрде соттың судьяларына бөлінеді. Бұл да сотта сыбайлас жемқорлықты болдырмауға арналған шара.
Жемқорлық – қоғамымызды тұралататын басты дерт. Онымен бүкіл қоғам болып күрессек қана нәтиже шығаруға болады.
Алмагул Дусимова,
Мұнайлы аудандық сотының судьясы