Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды.
"Нәтижесінде Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылсын", - деді судья үкімді оқып.
Алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот Байжановқа қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.