Маңғыстау облысы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен А.Келдибаев жөнінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды. Өйткені А.Келдибаев өзінің тұрғылықты пәтердегі мекенжайында жанжал шығарған, бірге тұратын адамдарға сыйламаушылық білдіріп тыныштығын бұзған.
Сот отырысында А.Келдибаев кінәсін толығымен мойындап жасаған әркеті үшін кешірім сұрады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің арыз бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейін тоқтатылады. Сот отырысында дауласушы екі тарап медиатордың қатысуымен дауды реттеу туралы келісім шарт жасасты. Сот тараптардың арасындағы жасалған дауды реттеу туралы келісім шарт негізінде, жәбірленушінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғамен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірісін тоқтатты, А.Келдибаевты әкімшілік жауаптылықтан босатты.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ғ. Метерқұлова