©
Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетті. Сондықтан да, біз Президент атап көрсеткен талап тұрғысынан табылуымыз қажет. Осы орайда бүгінгі жас ұрпақтың озық білім алуында мұғалімдер бар күш-жігерін жұмсауы керек деп ойлаймын. Демек Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы білім саласы қызметкерлері үшін тәрбие жұмысындағы бағытымызды айқындап берген басты құжат болып отыр. Бұл орайда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауданының білім саласы қызметкерлері рухани жаңғыру жұмысына белсене атсалысып, білімнің биік шыңын бағындыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Оқу мен тәрбие – егіз. Тәуелсіз еліміздің тізгінін берік ұстау, өркениетті, көш бастап келе жатқан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болу талабы мектеп ұжымдарына біліммен қатар, кешенді тәрбие беру, жаңа қоғамның пайым, парасаты мол, патриотты жаңа адамын тәрбиелеу міндеттелген. Үздіксіз жүргізілген жұмыс нәтижесінде оқушылармен мұғалімдеріміз облыстық, республикалық жарыстарда алдыңғы лектен көрініп келеді.
Елбасы тапсырмасына сәйкес, қазір елімізде үштілділік жүйесі енгізіліп жатыр. Қазақстан әлемдік өркениетке бет алған тұста бірнеше тіл білу бәрімізге аса қажет. Мұны ата-аналардың дұрыс түсінгені жөн деп ойлаймын. Анығы, үштілді оқыту жүйесі бірден енгізілейін деп жатқан жоқ. Бағдарламаға сәйкес тек 10 және 11-сыныптарда төрт пән (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде өткізіледі, оның өзі тек 2019 жылдан басталады. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда үш тілде білім беру жүйесі жұмыс істейді. Осыған байланысты мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары арасында түсіндірме жұмыстарын әрі қарай да жүргізіп жатырмыз. Қазір дамыған мемлекеттердің көшінен қалып қоймау үшін бір тілді меңгеру аздық етеді. Ағылшын тілі – әлемдік деңгейдегі ғылыми тілдердің бірі. Жоғары сыныптарды біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшірудің түпкі мақсаты – олардың шетелдегі ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасау. Сондықтан, біз баланың ғана емес, ұстаздардың да білім сапасын тереңдетуге әрекет етіп жатырмыз. Қазіргі таңда үш тілді оқу бойынша ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мұғалімдерді ағылшын тілінің заманауи әдістемесіне үйрету курстары басталды. Биылғы жылы он тоғыз мұғалім осы курсқа қатысып, химия, физика, биология, информатика пәндері бойынша оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сегіз мұғалімге алғашқы оқыту кезеңі басталды.
Біз үшін бірінші кезекте білім беру жүйесінің рөлін арттыру маңызды. Биылғы жылға осы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы төрт жүз мұғалімді қайта даярлау курсынан өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде он директор, отыз оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, екі әдіскер, қырық тренер, үш жүз он екі мұғалім қайта даярлау курсынан өткізілмек. Атқарылып жатқан бұл жұмыстың барлығы алдағы уақытта жүйелі түрде жемісін береді деп ойлаймын.
Маңғыстау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маманы Гауһар Мусағалиқызы Кузембаева