Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Маңғыстауда 12-14 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңі өтті. Оған 443 полиция қызметкері жұмылдырылып, 3 күннің ішінде 2274 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
– Оның ішінде жолда жүру ережесі бойынша – 1272 әкімшілік құқық бұзушылық, мүлдем төзбеушілік бойынша – 1002 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.
Осы үш күн ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін – 31 адамға, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 467 адамға, көлік жүргізу кезінде телефонды қолданғаны үшін 327 адамға айыппұл салынған. Сондай-ақ 14 – қарсы бағытқа шығу, 80 – ұзақ бұзақылық және 174 – қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішу не мас күйінде келу фактісі тіркелген. Ал, 145 адам қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
Айта кетерлігі, облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңыздағы тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік құралдарын мас күйде басқару фактілерін анықтау мақсатында өткен "Қауіпсіз жол" іс-шарасы 3 кезеңде өтеді. Келесі кезеңдері 19-21 және 26-28 қазанға жоспарланған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Көрнекі сурет 1gai.ru сайтынан алынды