Сот кабинеті
[ 2017 ] 20 қазан, 08:34 | Құқық
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады .
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың
www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Қазіргі таңда біздің сотқа заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалыға келтіретін болсақ, азамат, немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын кеткізбей, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Айтып өтетін жай, ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді.
Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.
Маңғыстау облысының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі
М. Жебелханова
970
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.