Азамат «Т» 21.06.2017 жылы үйінде ауласынан аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды заңсыз сақтайды деген күдік бойынша ұсталып, оның жеке басына тінту жүргізу барысында үстінде болған курткасының сол жақ қалтасынан сіріңке қорабының ішінен 2 дана дәптер қағазына оралған героинге ұқсас қоңыр түсті ұнтақ алыған. Сарапшының қорытындысы бойынша «Т»-дан алынған зат жалпы салмағы 1,1985 грамм есірткі заты «героин» екені анықталған.
Сот тергеушінің күдікті «Т»-ге қолданылған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі