Азамат «Т» Мұнайлы аудандық сотына берген арызында, «К»-мен танысып, екеуі жанұя құру туралы шешім қабылдап, тойға дайындық бастағандарын.
Тойға дайындық ретінде 100000 теңгеге қалыңдық көйлегін, 5000 теңгеге аяқ киім, 30000 теңгеге камзол, 10000 теңгеге екі көйлек, 7000 теңгеге халат, 5000 теңгеге түнде киетін киім, 6000 теңгеге үш шыт көйлек, 5000 теңгеге бес-алты орамал және 2000 теңгеге үлкен орамал, 17000 теңгеге алтын сақина алынғанын және басқа да осындай жалпы сомасы 1993000 теңге құрайтын шығындар жасалған.
Содан араларында келіспеушіліктер орын алып, 2017 жылғы сот шешімімен неке бұзылғанын көрсетіп, жауапкерден той мен құдалыққа кеткен шығын 1993000 теңге, сот шығыны мемлекеттік бажға төленген 19930 теңге өндіруді сұраған.
Сот, талапкердің той мен құдалыққа және үйленуіне байланысты шығындарды өз еркімен жасалғанын және жауапкер бұл жөнінде ешқандай міндеттеме алмағанын ескеріп, талапкер «Т»-ның талаптарын негізсіз деп есептеп, толық қанағаттандырусыз қалдырған.
Шешім заңды күшіне еңбеген.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі