Мұнайлы аудандық соты Мұнайлы селосы тұрғынының арызы бойынша оның еңбек кітапшасының өзіне тиістілігі жөнінде заңды фактісін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.
Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 291-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқталуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.
Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 292-бабына сәйкес сот арыз берушінің осы фактілерді куаландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.
Арызданушы аталған арызымен сотқа жүгініп, онда еңбек кітапшасында өзінің тегі қате көрсетілгенін, қазіргі уақыттта еңбек кітапшасын берген мекеменің жоқ екенін, осы тегінің қате көрсетілгенінен зейнеткерлік құжаттарын ресімдей алмай жүргенін көрсеткен.
05.04.2017 жылғы сот шешімімен арызданушының арызы қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енді.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі