Жүргізуші К.Д. 18 мамыр 2017 жылы сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Атамекен селосында орналасқан «Ару» мейрамханасына қарсы тас жолда автокөлікті масаю күйде басқарған. Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің 2.4.2 тармағын сай, мас күйінде (алкогольді, есірткі немесе ұытқұмарлық), реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады. Медициналық қортындысына сәйкес, К.Д. жеңіл дәрежедегі алкгольдік масаю күйде болған. Соттың қаулысымен К.Д. Казақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылды.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі