20.06.2017 жылы Мұнайлы аудандық сотында азамат К.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қаралды, яғни (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер).
Сот мәжілісі барысында анықталғандай, К.А. бұрын екі рет біртектес әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, қоғамдық орында, яғни 07 мамыр 2017 жылы Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан «Мерей» қонақ үйіне қарсы тас жол бойында адамның қадыр-қасиетіне нұқсан келтіретін алкогольден масаю күйде болған.
Сот қаулысымен К.А. аталған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен 5-тәулік мерзімге қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі