27 маусымда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесі қарсаңында, Ақтау гарнизоны әскери сотында бұқаралық ақпарат құралдар өкілімен кездесу өтті.
Кездесуге «Ақтау-Медиа» ЖШС-ның басшысы С.Рзахметов, «Мұнайлы» аудандық қоғамдық-саяси газтінің тілшісі Ш.Жұман және ардагер журналист Ә.Жәнібек қатысты.
Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов журналисттерді кәсіби мерекесімен құттықтай отыра, оның өзінің белсенді ұстанымдығы, қызықты және маңызды жаңалықтарды жариялау арқылы мемлекетіміздегі бейбітшілік пен татуластықты нығайтуға елеулі үлестерін қосатынын атап өтіп, оларға алдағы уақытта шығармашылық табыс, зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.
Ақтау гарнизоны әскери сотының қызметін жариялау барысын кәсіби деңгейде жүзеге асырғаны үшін «Ақтау-Медиа» ЖШС-ның басшысы С.Рзахметов, «Мұнайлы» аудандық қоғамдық-саяси газтінің ұжымын және ардагер журналист Ә.Жәнібекті алғыс хаттар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шараның соңында, тілшілерАқтау гарнизоны әскери сотының ұжымына олардың жұмыстарын бағалағандары үшін алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облыстық әскери сотының баспасөз қызметі