Мұнайлы ауднадық сотымен талапкер «А»-ның жауапкерлер Орта мектебінің директоры «Б»-дан, мұғалім «В»-дан және азамташа «Г»-дан баласының мектеп қабырғасында сыныптасымен жағалсу кезінде алған жарақат бойынша 14065 теңге материалдық шығын және моральдық зиян 400000 теңге өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар екі жақтың адвокаттарының жәрдемдесуімен Партисипативтік рәсім тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге келді.
Келісім бойынша талапкер талаптарының «А» жауапкерлер Орта мектебінің директоры «Б»-дан, мұғалім «В»-дан өндіру бөлігінде бас тартқан, ал жауакпер «Г» материалдық шығын ретінде 15000 теңге төлеуге міндеттелген.
Мұнайлы аудандық сотының ұйғарымымен тараптардың арасында Партисипативтік рәсім тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім бекітілген.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі