Мұнайлы аудандық сотында ҚРӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. отбасы-тұрмыстық қатынастағы балдызы А-ға балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.
Сотта, жәбірленуші А. жездесі Т-мен медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін көрсетті.
ҚРӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Т-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне байланысты және ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес сот өндірісінен тоқтатылды.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі