Мұнайлы аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат Н.Д. Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы Әбіш көшесінде төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық білдіріп, темекі қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.
Сот қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Мұнайлы қалалық сотының баспасөз қызметі