Еліміздің тәуелсіздік алған соң қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесі бекітілді. Республикамыздағы құжат айналымы, ісқағаздарын жүргізу мақсатты түрде мемлекеттік тілге көшіп, еліміздің бүкіл аумағанда, қоғамдық қатынастардың барлық саласында, мәселен, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот істерінің мемлекеттік тілде берілуімен байланыстырады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусын алуы барлық мемлекеттік органдардың мәжілістері, басқосулар, жұмыс қорытындылары бойынша өткізілетін жиындарын осы тілде жүргізілуін қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік тілді меңгеру курстары мекемелердің барлығында дерлік ұйымдастырылады. Өйткені, Елбасы «Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс», деген болатын. Мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларына байланысты бүгінде сот жүйесінде ана тілінің өрісі кеңіді. Бұрынғыдай емес, сотқа мемлекеттік тілде түсетін істер көбейді. Сонымен қатар, Жоғары Сот төрағасының өкіміне сәйкес, республика соттарындағы ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру барысы үнемі қадағаланады. Нақты айтқанда, соттардағы кіріс-шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы, сондай-ақ, қаралып жатқан істердің қазақ тіліндегі үлес салмағы, судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бақыланады. Демек, бүгінгі таңда қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да өзінің лайықты биігіне көтеріліп келеді. Ана тілінің ұлт тағдырындағы, мемлекеттік қалыптастыруындағы салмағы, алар орны, мән-маңызы жайлы ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттық тілі-сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?»- десе, орыс халқының әйгілі жазушысы И.Тургенов «Тілі зордың – елі зор» екенін айтады. Яғни, болашағы жарқын, келешегі кемел, зор елдер қатарынан көріну үшін мемлекеттік тілдің мәртебесін оданда әрі нығайтып, абыройын асұқақтату жолында соттар қауымы да тынбай еңбек етуде. Ойымызды Мемлекет басшысының сөзімен түйіндесек: «...жалтақтауды қоятын заман туды, қазақ тілінің болашағы қазақтардың өздерінің қолында».
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Гүлзада БОЗАЕВА