Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тапсырған бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы-Қазақстанның алдағы күніне жол сілтеп, бағдар беретін стратегиялық құжат.
Ұлт жоспарында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», Индустрияландыру және экономикалық өсім», Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» секілді негізгі бөлімдерінде атқарылуға тиіс 100 нақты қадам көзделген. Соның қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бөлімінде көзделген 16-26 қадамдарында еліміздің сот жүйесін реформалауға қатысты іргелі мәселелер қамтылған.
Сот жүйесіне қатысты әр қадам сот төрелігін халыққа қолжетімді етуді көздейді. Ұлт жоспарында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңайландыру бес сатылы, яғни, бірінші апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау сот жүйесінен үш сатылы: бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігіне жүйесіне көшу қарастырылған. Сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуда қамтылып отыр.
Судья лауазымына кандидаттардан міндетті түрде 5 жылдық өтілі болуы талап ретінде қойылған. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу де бар. Судьялыққа үміткерлердің соттарда степендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан және одан кейін судья ретінде бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі көзделген. Сонымен бірге оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін бұдан былай сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымында емес, Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істейтіндігі, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.Ендегі жерде судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіледі. Судьялардың жаңа этикалық кодексі жасалып, соның негізінде азаматтарға судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Соты жанынан құрылдған арнайы сот алқасына шағымдануға мүмкіндік берілмек. Барлық сот процестерінде бейне және таспаға жазу шаралары міндетті түрде енгізілмек. Судьяның бейнежазду тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндік болмауы тиістігі басты талаптың бірі. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру көзделгенін айта кетуіміз керек. Дубай тәжерибесі бойынша Астана қаласының AIFC Халықаралық арбитраждық орталығы құрылады. Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуы қысқартылуы мүмкін. Ұлт жоспарында сот жүйесіне қатысты көрсетілген аталмыш өзгерістің барлығы заман талабынан туындап отырғаны сөзсіз. Өйткені, қазіргі таңда еліміз қарқынды дамуда. Қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік-экономикалық процестердің ауқымы кеңеюде. Бұл мемлекетіміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үдерісін жеделдете түсетін жағымды жайттар екенін айтқымыз келеді.
Мұның бәрі өз кезегінде соттар мен судьяларға ең жоғарғы талаптарға сай болуды және сот төрелігін халықтың қолжетімділігін жеңілдетуді жүктейді.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Болат ПАЗЫЛОВ