Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің) 440-бабының 4-бөлігімен сотқа берілген И.Г.Егоршинге қатысты әкімшілік істі қарау 2016 жылдың 02 наурыз күні сағат 12:00-ге тағайындалған. Осы аталған әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатқан И.Г.Егоршин сотқа алкогольдік ішімдікке масаю күйінде келген және сот мәжілісінде сотпен белгіленген ережелерді сақтамаған, яғни былапыт сөйлеп, төрағалық етуші судьяның талаптарына бағынбаған, сөйтіп сотқа құрметтемеушілік білдірген. Сот мәжілісінде И.Г.Егоршин құқық бұзушылық әрекетін толық мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады. И.Г.Егоршиннің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, өзінің түсініктемесімен және өзге де іс құаттарымен толық дәлелін тапты. Судья И.Г.Егоршинді Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін кінәлі деп танып, 2 (екі) тәулік әкімшілік қамақа алу туралы әкімшілік жаза қолданды. Қаулы заңды күшіне енді. Жоғарыда аталған мән-жәйға байланысты, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуі, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбауы, сотта белгіленген қағидаларды бұзуы, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) сотты құрметтемеушiлiк деп бағаланып, әкімшілік қамаққа алуға дейін әкеп соғатынын көпшіліктің назарына салғым келеді.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот-приствы Р. САЛНАЗАРОВ