Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды кім және қалай бақылауға алады?
Песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.
Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.
Жер заңнамасын сақтау жөніндегі Әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығымақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.
Өткен жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 5 субъекті 106 мың. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жер қанша тұрады?
Жер телімінің нақты құны базалық ставкаға сәйкес анықталады, және бұл жөніндегі ақпараттар http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890 сайтында орналасқан. Жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтылуына, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты базалық ставкаға түзету коэффициенті қолданылады.
Мысалыға, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де төмендейді. Әрбір жер телімінің жеке-жеке құны бекітіледі.
Жер телімінің қорытынды бағасы аукцион арқылы анықталады.
Бір адам қанша жерді сатып ала алады?
Бір әкімшілік ауданның шеңберінде ауылшаруашылық мақсатында жеке меншікке және жалға берілетін жер телімінің ең төменгі шекті көлемі бекітілді. Жер телімінің ең төменгі шекті көлемі туралы ақпаратты adilet.kz. сайтынан алуға болады.
Егер қазақстандықтар аукционда жерді сатып алып, оны шетелдікке қайта сатуға құқығы бар ма?
Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тыйым салынған.
Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?
Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін жүргізіледі.
Сатуды ұйымдастырудың тетігі жерді бөлуде жемқорлыққа жол бермейді. Өткізілетін аукциондар өз кезеңінде жариялылықты, әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді.
Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.
Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың саны әлі өзгере қоймағандығымен толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.
Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.
Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған тапшылықты жоюға, еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.
Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады. 2016 жылы квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді
Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.
Baq.kz