Соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі Жоғарғы Сот жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету Департаментінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ІҚБ өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясына, « Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға, заңдарға, Қазақстан Республикасы жарлықтарына, осы Ережелерге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес атқарады.
Ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдын алудың аумақтық бөлімшелері Жоғарғы Сот орталық аппаратының ІҚБ тікелей бағынысымен дербес қызмет ретінде жергілікті соттар кеңселерінің құрылымдарына жатады.
ІҚБ өз жұмысын заңдылақ, құпиялық, есептік және сатылыс бағынушылық, Жоғарғы соты Департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен байланыса отырып атқарады.
ІҚБ қызыметкерлерінің міндеттері:
ІҚБ қызметкері өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде ішкі істер органдары қызыметкерлерінен, көмек сұрауға құқылы. Құқық қорғау органдарының қызыметкерлері өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру шегінде ІҚБ қызметкері сот приставына көмек көрсетеді.
Кемінде жиырма бір жасқа толған, орта білімі бар, өзінің іскерлік және жеке қасиеттері бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.
Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтіп, содан кейін табельдік және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.
Сот приставы қызметіне бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан келеңсіз себептер бойынша шығарылған адамдарды тағайындауға болмайды.
Н.Ержанов Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі