Қазақ тілінің құдіреті ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі мол. Алайда, қазіргі қазақ тілінің тағдыры оның қоғамда қолданылу деңгейі, намысы бар қазақ азаматтарының көңілінен шықпай тұрғаны белгілі. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр.
Бір кездері ресми мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде сөйлемек тұрмақ, ол туралы айтудың өзі мұң болатын. Қазір елбасының мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы мен қадағалауының арқасында мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінде сөйлеуге ниет таныта бастады. Ассамблея жиындарында, түрлі орындарында жасаған баяндамаларында тұрақты көтеріп, қадағалап, елдің есіне ұдайы салумен келеді. Осының арқасында халықтың әлеуметтік жағдайын, экономикасын көтерумен бірге, тілімізді де тұғырына қондырудың неше алуан жолдары қалыптасып келеді.
Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады. Ендеше, соншалық қуатты да, киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайды.
«Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тілді дамытудың неше алуан жолдарын ұсынуда. Облыстық, аудандық ұйымдарымыз тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуде жергілікті ерекшеліктерге сай тәсілдерді қолға алып, іске асыруда. Қоғам құрылған кезеңде айқай мен аттанға ерік бермей, ғылыми негізделген, дәйекті, парасатты бағыт ұстанған болатынбыз. Сол бағытымыздан тайма келеміз одан былай да салиқалы жолымызды жалғастыра береміз деп ойлаймын.
Бұдан тіл саласы да қалыс қалмайды. Осы орайда, туған тілімізді мемлекеттік мәртебесіне сай ұшпаққа шығарумен бірге, ағылшын тілінде қолға алғанымыз абзал. Өркениетті елдер көшінің алдыңғы жағынан орын аламыз десек, біз ағылшын тілінен бас тарта алмаймыз.осы жағынан келгенде Елбасы ұсынған «үш тұғырлы тіл» жобасының өміршеңдігін атап өткім келеді. Әрине, бұл орайда қазақ тілі алпауыт тілдердің тасасында қалмауы қажет.
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік. Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі деп айтуыма болады. Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделік танытып отыр. бүгінгі күні тілдерді дамыту жан жақты қарастырылуда. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз артуда.
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- «Қазақстан- 2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», — деді Елбасы.
Бұдан асырып қалай айтуға болады. Кешегі Көк түріктер заманында, одан кейінгі ортағасырлық алағай- бұлағай кезеңдерде, жеке хандық құрып, өз алдымызға отау құрып шыққан дәуірде, Алаш ұранын көтеріп, азаттыққа ұмтылған уақытқа Қазақ елін мәңгі ел етуге ұмтылып па едік. Ұлы даланы асқақ рухқа бөлеп тұрған батырлар жырларындағы ұлы мұрат, асыл мақсатымыз да осы болмап па еді.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тіліміздің бүгіні мен болашағы әрбір қазақ азаматын ойландыратыны хақ.
Бұл айтылып отырған мәселелердің барлығы Елбасы көздеп отырған іс-шаралардың сауатты орындалуына септігін тигізеді деп білеміз. Сонда ғана тіліміз Мәңгілік Тіл дәрежесіне көтеріле алмақ.
Ж.Жусупова Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы