Қазақ табиғатында, әсірешіл, өзге жұрттан көргенін өнеге тұтып, үйреніп алуға бейім тұратын халық. Елімізде соңғы жылдары батыстық үлгідегі гендерлік саясаттың белең алып, яғни қыз-келіншектердің құқын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен осының бір айқын дәлелі іспеттес.
Батысты XIX ғасырдың орта шеніне дейін әйелдерді ада құрлы көрмегендіктен, осы қорлыққа намыстанған нәзік жыныстылар еркектердің алдында тұқырмаудың жолын қарастырды. Әлемде осылайша «феминизм», «гендерлік саясат» деген ұғымдар дүниеге келді. Алайда Батыс бүгінгі уақытта бұл саясаттың зардабын қатты тартып отыр. Батыс елдерінде бала туу санының күрт азайып кетуінің себебін кейбір ғалымдар гендерлік саясаттың өршіп кеткендігімен байланыстарды.
Ендеше Батыс зардабын тартып жатқан гендерлік саясаттың Қазақстанға қаншалықты қажет ба? Біз онсыз да сонау ықылым заманнан бері әрдайым әйел баласын ардақтап, ананы қадір тұтып, құрметтей білген ел.
Ислам дінінде әйелдің ерккке, ал еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек немесе әйел баолғандығымен, байлық мансабымен емес, иманның деңгейімен өлшенбек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – әйелдеріңе жақсы мінезде болғандарың» десе, басқа бір хадисте «Арттарында қалған күйеуі өзінен разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері – жұмақ» деп өзара түсіністікке, теңдікке шақырған.
Ал жыныстың өзі биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді. Міне, гендер дегенде, біз иологиялық емес, әлеуметтік жынысты айтамыз. Мұнда әйел еркектің орнын басқысы келмейді. Керісінше өз құқықтарын қорғап, білімі мен біліктілігіне, қабілетіне қарай қоғамның дамуына, экономикалық алға қарыштауына өз үлесін қосқысы келеді.
Кешегі Ислам конференциясында Малайзия премерь-министрі Құранға сүйеніп: «Мұхаммед (c.ғ.с.)-әйелдердің құқығын ең алғаш қорғаған пайғамбарлардың бірі» деген еді. Ал сол уақытта Еуропада бұл мәселе мүлде көтерілмеген.
Бүгінде біздің қазақ отбасыларының арасында ажырасу саны жылдан – жылға көбейіп барады. Неге? Өйткені біз әйелдердің қабілетін, олардың қоғамға қосар үлесін бағаламай жүрміз. Егер әйел мен еркек өздерінің қоғамдағы орнын дұрыс түсінбесе, «мынау сенің орның, ал мынау менің орным» деп таласа бастаса, өзара қарама-қайшылық пайда болады.
Г.Кузембаева Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы