Мамандар бұл жұмыстардың барлығы кезең кезеңімен қолға алынып, аяғы жақсы көрсеткіштермен аяқталып жатқанын айтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәселен, 20 мамыр күні облыстық онкологиялық диспансер мен өңірдегі 11 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдар «Бірыңғай ашық есік күндерін» ұйымдастырып, жалпы саны 352 адам келіп, тегін тексерілуден өтті. Олар сонымен қатар онколог мамандардан ақысыз ақыл-кеңес алды. Оның 98-і УДТ, цитологиядан - 91, маммографиядан - 27, КТ-57 және эндоскопиялық тексерістен – 9 адам өтіп, қатерлі ісікке 8 адам күдікті деп анықталды.
Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бір күнде мұншама адамның өз денсаулығына жіті мән беріп, тексерілуден өтуі – «Ашық есік күндерін» жүйелі түрде ұйымдастырып, халықтың медицинаға жүгіну мүмкіншілігінің артқанын көрсетеді. Бұл жұмыстар әлі жалғасын таппақ.