1 наурыз - Алғыс айту күніне орай mangystaumedia.kz сайтының ұжымы өңірдегі барлық сала мамандарына, соның ішінде ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіреді.
Бақытжан Балғалыев - Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде реаниматолог-дәрігер. 10 жылдан бері түрлі ауыр жағдайдағы науқастарға жедел көмек көрсетіп келе жатыр.
Атап айтқанда, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек ауруларының асқынуы, сонымен қатар жүйке жүйесінің аурулары асқынған кезде реанимацияға түскен науқастардың аурудан айығуына жәрдемдесуде. Реаниматолог-дәрігер Бақытжан Сәрсенбаевичтың айтуынша, жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің жұмысы өте ауыр, қырағылық пен білімді талап етеді.
- Реаниматолог-дәрігерлер күндіз-түні жұмысында тік тұрып, өте ауыр жағдайдағы науқастардың үйіне оралуына септігін тигізетін бірден-бір мамандықтың иесі. Ал пациент алғысы кез келген дәрігер үшін үлкен құрмет. Науқастарымызға денсаулық тілейміз!" - деді дәрігер Бақытжан Балғалыев.