©
Маңғыстау облыстық онкодиспансер қыз-келіншектерді онкологиялық ауруларды тегін тексеруге шақырады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу апталығы аясында ұйымдастырылатын ашық есік күні 26 қаңтар күні таңғы сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Онкологиялық диспансердің 26 шағынауданда орналасқанын естеріңізге саламыз. Шара кезінде әйел адамдар онколог және маммолог мамандардың тегін кеңесін алып, тексеруден өте алады. Онкогинекологтар қыз-келіншектерге сүт безін тексертуге, цитологияға талдау тапсыруға кеңес береді. Келушілер өзімен бірге жеке басын растайтын құжат пен амбулаториялық картасын ала келуі тиіс.