©
Маңғыстау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығында халықтың осал топтарымен үздіксіз байланыс орнатылып, АИТВ инфекциясының таралуынан сақтандыруға бағытталған түрлі шаралар өткізіледі. Ал бұл топқа тәртіпсіз қарым-қатынастағы адамдар, инъекциялық есірткі тұтынушылар, өзара қатынасқа түсетін еркектер жатады. Орталық қызметкерлері «Зияндылықты төмендету» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мобильді пункттегі шағын автобуспен секс-қызметшілер өз қызметін ұсынатын жерлерге барып және олармен тәуекелді мінез-құлқын төмендету, күрделі жағдайдан шығу жолын жоспарлау, емделу және тексеріліп-қаралу қажеттілігі жөнінде кеңес береді. Мобильді пунктте олар өздері таңдаған осындай өмір сүру салтына қарамастан, өзі мен серіктестерінің дені сау болуына көмектесетін гинеколог, дерматовенеролог дәрігеріне, сенім пунктіне, достық кабинетіне тегін жолдамалар, тегін жабдықтар алады. Сондай-ақ олар барлық қажетті материалдармен, өзекті тақырып бойынша тиісті ақпараттармен таныса алады.
Сонымен қатар біздің орталықта «аутрич» секс қызметшілерімен байланыс орнату жақсы жолға қойылған. «Аутрич» қызметі аурудың алдын алу, инелер мен шприцтерді ауыстыру тәсіліне үйретуді, оларды қажетті жабдықтармен және негізгі медициналық тауарлармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ психологиялық кеңес беруді қамтиды. Орталық базасында аутрич-қызметшілердің АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселелері бойынша білімі мен кәсіби тәжірибесін арттыру бойынша жүйелі түрде семинар-тренингтер өткізіледі. Жалпы осал топтар арасында жүйелі түрде шағын сессиялар өткізіледі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жауһар жырдың падишасыБүгінде Маңғыстау облысында АИТВ жұқпасы жыныстық қатынас арқылы жұқтыру бойынша 84% жетті. Кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсу АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупін арттырады. Сол себепті жеңіл жүрісті әйелдер арасында АИТВ жұқпасымен қатар жыныстық жолмен жұқтырылатын жұқпалар да жиі кездеседі. Сондықтан әркім өз серіктесіне деген адалдық АИТВ-дан сақтанудың ең жақсы жолы екенін білуі тиіс. Өз денсаулығыңызды және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз.
Ж.ТАҢАТАРОВА, облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері